Қоғам • 02 Тамыз, 2021

Атырауда бір жылда 12 365 бала өмірге келді

635 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында былтырғы 1 маусым мен биылғы 30 маусым аралығында өмірге келген нәрестелердің саны 12 мың 365-ті құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда бір жылда 12 365 бала өмірге келді

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімі мамандарының айтуынша, бұл 2019-2020 жылдардың есепті кезеңіндегіден 1 113 балаға көп.

«Ата-аналар ұлдарына Нұрислам (190), Ибрахим (186), Әлихан (165), Ахмад (160), Әмір (146) есімдерін беруді жөн көрген. Сондай-ақ Айәділ, Асад, Дамиль есімдері де кездеседі. Ал, қыздарға Айша (294), Айлин (273), Аяла (279), Медина (271), Раяна (228) есімдері көбірек қойылған», деп хабарлады бөлім мамандары.