Қоғам • 02 Тамыз, 2021

Google ескі Android смартфондарына қызмет көрсетуді тоқтатады

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 қыркүйектен бастап Google компаниясы Android 2.3.7 операциялық жүйесі және оның бұрынғы нұсқасы негізінде жұмыс істейтін құрылғыларда жеке аккаунтқа кіру мүмкіндігін жабады. Бұл туралы корпорацияның техникалық қолдау қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Google ескі Android смартфондарына қызмет көрсетуді тоқтатады

«Біздің пайдаланушыларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі үздіксіз күш-жігеріміздің аясында 27 қыркүйектен бастап Google Android 2.3.7 немесе одан бұрынғы нұсқасы орнатылған Android құрылғыларындағы есептік жазбаға кіруге тыйым салады», делінген хабарламада.

Корпорация егер аталған операциялық жүйесі бар құрылғы пайдаланушысы көрсетілген күннен кейін өз есептік жазбасына кіруге тырысса, Gmail, YouTube және Maps сияқты Google қызметтерін пайдалану кезінде қате пайда болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Егер пайдаланушы телефон параметрлерін зауыттық параметрлерге қалпына келтіріп, содан кейін өз есептік жазбасына кіруге тырысса да, қате пайда болуы мүмкін.

Google қосымшалары мен қызметтеріне қол жетімділікті сақтау үшін компания пайдаланушыларға амалдық жүйені 3.0 және одан жоғары нұсқаларға жаңартуды ұсынады. Егер бұл мүмкін болмаса, Google есептік жазбасына Google браузер арқылы кіруге кеңес береді. Бұл жағдайда пайдаланушы әлі де компанияның кейбір қызметтерін пайдалана алады.

Айта кетсек, Android 2.3.7 операциялық жүйесі 2011 жылдың 21 қыркүйегінде шығарылды.