Саясат • 03 Тамыз, 2021

Сенатор – сайланған өңірінде

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Дәурен Әділбеков Ақмола облысында сапарда болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Сенатор – сайланған өңірінде

Сенат депутаты «Раз­доль­ное – Свободное – Есіл» автожо­лындағы көпір құры­лысы­ның барысын қарап, Бұзылық ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімі­мен кездесті. Дәурен Әділ­беков жергілікті ма­ңызы бар мәсе­­ле­лерді уақ­тылы шешу қа­жет­тігіне әкімнің назарын аударды.

Сенатор егер қазіргі күрделі мәселелер жергілікті деңгейде шешілмейтін болса, онда оларды шешуге атсалысуға әзір еке­нін атап өтті. Өңірдегі сондай про­б­лемалардың бірі – жол құры­лысының сапасы. Осыған орай, сенатор «Бұзылық – Алматы» авто­мобиль жолын жөн­деу жұ­мыстарының барысын тексерді.

«Өңір тұрғындары маған осы автомобиль жолы учаскесін жөндеу қажеттігі туралы айт­қан болатын. Сондықтан қазір автомобиль жолдары басқармасы мен мердігер ұйымдар осы жұ­мыс­тардың бәрін уақытында аяқтауы маңызды деп санаймын. Екінші жағынан, қоғамдық бақылаудың да маңызы зор»,  деді сенатор.

Дәурен Әділбеков Жарқайың ауданында Крупская атындағы мектептің жаңа оқу жылына дайын­дық барысымен танысты және жер­гілікті шаруа қожалықтарының бірінде болды. Сенатор мал азығын уақ­тылы дайындаудың және ауыл шаруа­шылығы техникасын ал­дағы егін жинау науқанына әзірлеудің маңызды екенін атап өтті.

Сенатор сапар барысында құ­ры­лыс алаңдарында болды және Жақ­сы ауданының қайта өңдеу кәсіп­орын­дарының жұмысымен танысты.