Коронавирус • 03 Тамыз, 2021

Індет барлық ауданнан анықталып жатыр

327 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда Денсаулық сақтау министрі А.Цой Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі аптада індет жұқтыру 3,5 есе өскенін айтты. Ал сол кезде жалпы республикадағы өсім 1,9 есе болған. Осының өзі Қызылжар өңіріндегі ахуал алаңдатарлық екенін көрсетіп тұр.

Індет барлық ауданнан анықталып жатыр

Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев, Са­ни­­тар­лық-эпи­де­мио­ло­гиялық­­­­бақылау депар­та­мен­ті­нің бас­тығы Әсет Жұматаев об­лыс­тағы эпидемиялық жағ­дай және індетке қарсы күрестің барысы туралы баяндап берді.

Облыста ПТР-зерттеу жүр­гі­зетін төрт зертхана жұмыс іс­тейді. Пандемия кезеңінен бас­тап, облыс бойынша КВИ-дің бар-жоғын тексеру мақсатында 393 726 зерттеу жүргізілді. Оның 4,2%-ы, яғни 17 583-і – КВИ анықталған нәтиже. Өткен тәулікте ПТР әдісімен 1 183 зерттеу жүргізілді.

Өткен тәулікте 152 жағдай тіркелді, оның ішінде 131-і (86%) – ауру белгілері бар және 21-і (14%) – ауру белгілері жоқ жағдай. Аудандар бо­йынша айтсақ, Аққайың ауданында – 2, Ғ.Мүсірепов ауданында – 2, Ақжар ауданында – 4, Тимирязев ауданында – 4, Уәлихан ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 6, Мамлют ауданында – 6, Есіл ауданында – 7, М.Жұмабаев ауданында – 7, Тайынша ауданында – 11, Шал ақын ауданында – 11, Қызылжар ауданында – 13, Айыртау ауданында – 17, Петропавл қаласында 59 жағдай тіркелді.

Көріп отырғанымыздай, өңірдің барлық аумағында жаман індет тіркелген. Былтыр мұндай күрт өсім болмаған еді. Оның үстіне шалғайдағы аудандарда науқастар санының өсімі біршама тұрақты болған. Биылғы күрт өсім эпидемиялық ахуалдың барынша тұрақсыз екенін айқындайды.

Сырқаттанғандардың 92%-ын­­­­да індеттің симп­том­дары бай­қалып отыр. Со­нымен қа­тар биылғы жағ­дайда ауыр­ған­дар­дың жасы өзгерді. Қа­зіргі уақытта науқастардың 57%-ы – 40 жастан кіші. Бұрын бұл көрсеткіш 40%-дан аспайтын.

Мамандар аурудың күрт өсуі республика аумағындағы «Дельта» штамының айналымынан, сондай-ақ халықтың ка­ран­тин шараларын сақ­тау жө­ніндегі тәртібінің төмен­де­уіне байланысты дегенді айтты. Расында соңғы уақыттарда кө­шеде бетпердемен жүретін­дер мүлде жоқ. Халық тек ғи­марат­тарға кіргенде ғана бет­пердесін киіп жатады, ал қаланың бұ­рыш-бұрышындағы кіші­гі­рім дүкендерде тіпті тақ­пай да жүре беруге болады.

191 340 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды, бұл – жалпы халықтың 60,6%-ы. Ал екінші компонентпен салдырған саны – 130 551. Өзінің сөзінде Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Әсет Жұматаев: «Вакцина – бізді COVID-19-дан қорғайтын жал­ғыз механизм. Қазір вирус жойылмай, мутацияға ұшы­рау­да, ауру қайтадан өсуде. Әрбір от­басы ауруға тап болды және бәрі денсаулықты қалпына кел­ті­ру қаншалықты қиын екенін түсінеді. Вирусқа қарсы біз толықтай қарулануымыз керек, бұл үшін вакцина салдыруға бә­рі­міз дұрыс көзқараспен қара­йық», деді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы