Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат Өңірлік даму министрлігі
министрлігі
Астана қаласы Астана қаласы
2013 жылғы 5 желтоқсан №286 2013 жылғы 5 желтоқсан №359/НҚ
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 29 наурыздағы № 52 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі №81 бірлескен бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамыз:
1. «Жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң 2011 жылғы 29 наурыздағы №52 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі №81 бірлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде №6920 болып тiркелген, 2011 жылғы №18 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте ресми жариялануын, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі
________М. ҚҰЛ-МҰХАММЕД.
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі
_________ Б.ЖӘМІШЕВ.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 286 және
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 5 желтоқсандағы №359/НҚ бірлескен бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің
2011 жылғы 29 наурыздағы №52 бұйрығымен және
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің
2011 жылғы 1 сәуірдегі № 81 бұйрығымен бекітілді
Нысан
Жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін
қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт_________________________________________________
(№, күні)______________________________________________________________________
Субъектінің атауы______________________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)_________________
Субъектінің орналасқан жерiнiң мекенжайы______________________________________
№ Талаптар тізбесі Қойы-латын талап-тарға сәйкес келеді Қойы-латын талап-тарға сәйкес келмейді
1 2 3 4
1 Тарих және мәдениет ескерткіштің меншік иесінің (пайдаланушының) міндеттемелері тіркелген тиісті қорғау міндеттемесінің болуы
2 Меншік иесінің (пайдаланушының) тарих және мәдениет ескерткіші туралы негізгі деректер жазылған және ескерткіштің мемлекет қорғауында екендігін көрсететін қорғау тақтайшасының болуы
3 Ғылыми және нақты мәліметтерді қамтитын әрбір тарих және мәдениет ескерткішінің паспорты болуы
4 Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалануға беру туралы мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының шешімінің болуы
5 Ескерткіштерді бұзылудан немесе жойылудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тарих және мәдениет объектісінде қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болуы
6 Тарих және мәдениет ескерткішінің айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе олардың шекара сызықтары бойынша жыртылған жермен немесе қоршаулармен, не бұталар отырғызу арқылы белгілердің болуы
7 Тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетін жоюға болатын өзгеруден, бұрмалаудан, тағылық актілерінен, зақым келуден, өңін айналдырудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан, зақымдаудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, ескеркіштің өзін немесе оның бөлшектерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуден қорғауды қамтамасыз ету
8 Қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекарасында (құрылыс салуды, жерді пайдалану, ауыл шаруашылық немесе өзге де қызмет түрлерін реттеу) жұмыстарды жүргізудің ережесін сақтау:
1) Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймақтарында ескерткіштің сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына теріс әсерін тигізетін жұмыстар жүргізілмеуіне шаралар қабылдау
2) Тарих және мәдениет ескерткішінің құрылыс салуды реттеу аумағындағы құрылыс сипатын реттеу шараларын қабылдау (құрылыс салудың ауқымдылығы, қабаты, тығыздығы және функционалдық қызметі)
9 Тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына қауіп төндіретін жобалау, іздестіру, құрылыс, мелиорация, жол жөндеу, өндірістік, сондай-ақ, басқа да жұмыс түрлерін жүргізуге жол бермеу шараларын қабылдау
10 Тарих және мәдениет ескерткіштерде ғылыми–қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді уәкілетті мемлекеттік органмен келісуінің болуы
11 Жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткішінде тиісті лицензия негізінде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу
қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда «+» белгiсi қойылады;
қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда «-» белгiсi қойылады;
тексеру объектiсiнде тiзбеден талаптар болмаған жағдайда «0» белгiсi қойылады.
Тексеру жүргiзген______________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Тексеру қорытындылары бойынша тексерiлген объектi______________________________
(объектiнiң атауы)
Объектiлер санатына ауыстырылады («+» белгiсiмен белгiлеу):
жоғары тәуекел дәрежесi орташа тәуекел дәрежесi болмашы тәуекел дәрежесi
Тексерудің аяқталу мерзімі ____________________
Жеке кәсіпкерлік субъектісінің басшысы, жеке кәсіпкер тексеру нәтижесiмен танысты
(келiсемiн/келiспеймiн)
___________________________________________ __________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы
«__» ___________________ 20___ жыл.
Органның лауазымдық тұлғалары:
_______________________________ __________ _______________________________
(лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
_______________________________ _________ _______________________________
(лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 6 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9060 болып енгізілді.