Газет оқырмандары бұл күнде бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың Токио Олимпиадасында жартылай финалға шыққанынан хабардар. Қамшыбек енді жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен кездеседі.

– Әлі де болса жекпе-жектеріме көңілім толмай жатыр. Бірінші кездесуде соққыларымды 100 пайыз дарыта алмадым. Жеңіс үшін бар күш-жігерімді салдым. Қарсыласым да осал емес еді, физикалық тұрғыдан мықты әрі бойшаң. Соққыларымның барлығы бірдей діттеген жерге тиген жоқ, – деген Қамшыбек келесі қарсыласынан да басым түсу оңай болмағанын айтты. – Иван Верясов та осал емес еді. Ресейлік боксшымен спаррингтік кездесулер өткізгенмін, бірақ жарыс кезінде бәрі де басқаша болды. Бірінші раунд ойдағыдай өтті. Екінші раундтан бастап қателіктерге бой алдырдым. Болар іс болды, бастысы – жартылай финалдамын. Енді осы олқылықтардың орнын толтыруға тырысамын. Келесі қарсыласымды білемін, бірақ кездеспегенмін. Енді бар ойым мен күшімді келесі жекпе-жекке жұмсаймын. Көпшілігі мені Өзбекстан намысын қорғайтын Бахадор Жалоловпен финалда кездеседі деп санайды. Бірақ финалға дейін бір кездесу бар. Мен үшін әрбір қарсылас мықты. Себебі бұл Олимпиада. Біраз жігіттің жарысты аяқтағаны да жанымызға батып, көңіл күйімізді түсірді. Десе де, елімізді қуантуға дайынбыз, бар күшімізді саламыз, – деді Қамшыбек.
Елімізде «Жер сағаты» акциясы өтеді
Қоғам • Кеше
Биылғы Ораза кестесі жарияланды
Дін • Кеше
Алматы облысында Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар