2013 жылғы 30 қыркүйек, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін бекіту туралы
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңыны 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
2. Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр А. МАМЫТБЕКОВ.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің
2013 жылғы 30 қыркүйектегі №17-1/458 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеттерін орындау үшін, қажетті және жеткілікті дербес деректер тізімі
№ р/с Дербес деректерінің атауы
1. Аты-жөні, тегі
2. Туған күні, айы, жылы және туған жері
3. Жеке куәлікте көрсетілген мәліметтер
4. Жеке сәйкестендіру нөмірі
5. Білімі, мамандық атауы туралы мәлімет
6. Еңбек қызметі туралы мәлімет
7. Әскери қызметі туралы мәлімет (әскери міндетті және әскерге шакырылуға жататын тұлғалар)
8. Денсаулығы туралы мәлімет
9. Жанұйялық және әлеуметтік жағдайы
10. Жекеменшіктегі мүлік туралы мәлімет
11. Салық есептілігі туралы мәлімет
12. Жекеменшіктегі мүлік туралы мәлімет
13. Денсаулығы туралы мәлімет
14. Жүргізу дәрежесі
15. Жүргізу құқығы туралы мәлімет(сенімхат)
16. Көлік меншігіне құқығы туралы мәлімет
17. Көлік жөніндегі құжат (техникалық құжат)
18. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген куәлігінің нөмірі
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 29 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8862 болып енгізілді.