Үкімет • 03 Тамыз, 2021

Асқар Мамин әкімдер мен Денсаулық сақтау министріне тапсырма берді

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс әкімдері мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.

Асқар Мамин әкімдер мен Денсаулық сақтау министріне тапсырма берді

«Дельта штамының» таралуына байланысты аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республикада аурушаңдық айтарлықтай өсті. Аурухана төсектерінің сыйымдылығы 56%, реанимацияда - 44%», деді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин вакцинация бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Бүгінгі таңда елімізде 5,5 миллион адам - вакцинаның бірінші компонентін, ал 4 миллион адам екіншісін алды.

«Ведомствоаралық комиссия алдын алу шараларын жүргізуде, 2 тамыздан бастап өңірлерде күшейтілген карантиндік шаралар күшіне енді. Барлық қабылданған карантин шектеуінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бүгін Ashyq жобасы кәсіпкерлерге карантиндік шаралар жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді», деп қосты Премьер-Министр.

Ол облыс әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігіне барлық аурухана, бастапқы орталық, мобильді топ, ПТР зертханаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне карантиндік-санитарлық нормалардың бұзылуын бақылау және анықтау бөлігінде бақылау топтарының жұмысын күшейту тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35