15 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №5-3/462

260 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 30 қыркүйек,  Астана қаласы
«Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 28 ақпандағы №11-2/94 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес бұйырамын:
1. «Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 28 ақпандағы №11-2/94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6854 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 26 мамырдағы №221 (26619) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесіне 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр А.МАМЫТБЕКОВ.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 5-3/462 бұйрығына қосымша
Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережелеріне 2-қосымша
Нысан

Атаулы карточка
 ___________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Биоотын өндірушісінің толық және қысқартылған атауы  
Бірінші басшы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон және факс нөмірі, толық)  
Биоотын өндірушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі және берілген күні, куәлікті берген органның атауы  
Биоотын өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі  
Биоотын өндірушісінің орналасқан мекенжайы  
Биоотын өндіретін зауыттың орналасқан мекенжайы  
Теміржол деректермелері  
Қызмет көрсететін банк, есеп айырысу шоты, жеке сәйкестендіру коды  


Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 19 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8831 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23