Фото: Polisia.kz
«Ұсталған ер адамның «Мамыр» ықшам ауданындағы пәтерін тінту кезінде ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ зат салынған 74 полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. Сот химиялық сараптамасы ұнтақтың «гашиш» есірткісі екенін анықтады. Салмағы – 340,1 гр. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бапта үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ведомство қара нарықта гашиштің бағасы 5 грамм үшін 3000 теңгені құрайтынын атап өтті. Қазіргі уақытта тергеу, оның тауарларды қайдан және қалай алғанын анықтап жатыр.