Экономика • 03 Тамыз, 2021

Доллар қайта арзандай бастады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллар теңгеге қатысты тағы да төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz KASE Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар қайта арзандай бастады

Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,50 теңгеге төмендеп, 423,79 теңгені құрады.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 423,85 теңге, ал  сатылым - 425,35 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 424,68 теңгеден сатып алып, 425,30 теңгеден сатады.

Ұлттық банктің 3 тамыздағы ресми доллар бағамы 424,46 теңгені құрайды.