Қоғам • 03 Тамыз, 2021

«Пәтер ұтып алдыңыз»: Сарыағашта алаяқ ұсталды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарыағашта пәтер ұтып алғаны туралы жалған ақпарат таратып, елден ақша алған күдікті қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.

«Пәтер ұтып алдыңыз»: Сарыағашта алаяқ ұсталды

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам қоңырау шалып «пәтер ұтып алдыңыз, оны алу үшін 500 000 теңге аударуыңыз керек» деп есепшотына ақша аудартып алған.

Аталған жайтты Сарыағаш АПБ-ның полицейлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық)  бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Сарыағаш полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Қарағанды қаласының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Күдіктінің ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп жатыр.