Экономика • 03 Тамыз, 2021

Қазақстанда риэлторлар қызметіне сұраныс бар ма?

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жылжымайтын мүлік бойынша қызметтердің саны жеті жылда алғаш рет қысқарды, деп хабарлайды Egemen.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда риэлторлар қызметіне сұраныс бар ма?

Сарапшылардың айтуынша, бірінші тоқсанда елімізде жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын операциялар бойынша қызметтер көлемі 268,1 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға төмендегені жеті жылда алғаш рет байқалды.

Аталған қызметтердің басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматыда көрсетіледі, бұл ретте, егер елордада осы қызметтердің көлемі 9,5 пайызға өссе, Алматыда ол, керісінше, 16,7 пайызға азайды. Тұтастай алғанда, Қазақстанның 17 өңірінің 10-ында сектордағы көрсетілетін қызметтер көлемі қысқарды.

Осы жылдың басынан бері тек жеке меншік жылжымайтын мүлікті пайдалану, жалдау және басқару бойынша қызметтер - 5,8 пайызға, өндірістік-техникалық мақсаттағы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық - 29 пайызға өсті. Бұл ретте сауда нарығын жалға беру және пайдалану нарығында 2,1 есе қысқарту орын алды.

Өндірістік емес мақсаттағы тұрғын үйді және басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату және жалға беру кезіндегі делдалдық қызметтер (риэлторлардың қызметтері) бір жылда үштен бірге қысқарды.