Коронавирус • 03 Тамыз, 2021

ЕО «Спутник V» вакцинасының COVID-сертификаттарын мойындады

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық комиссия Сан-Марино мен Ватиканның COVID-сертификаттарымен ЕО аумағына кіруге болады деп таныды. Бұл туралы ТАСС жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕО «Спутник V» вакцинасының COVID-сертификаттарын мойындады

«2 тамызда Еуропалық Комиссия Ватикан мен Сан-Маринода берілген ковид сертификаттарының Еуропалық сандық ковид сертификатына тең екендігін қамтамасыз ететін шешімдерді бекітті», делінген атқарушы органның хабарламасында.

ЕК көрсетілген сертификаттардың иелері оларды ЕО сертификаттарының иелері сияқты шарттарда пайдалана алатындығын нақтылады.

Сан-Марино - Ресейдің «Спутник V» коронавирустық вакцинасын қолданатын Еуропаның бірнеше елінің бірі. Препаратты елге жеткізу ақпан айында басталды. Сан-Марино тұрғындарының көпшілігі ресейлік вакцинаны салдырады.

Қазіргі уақытта «Спутник V» 67 елде тіркелген. Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриевтің айтуынша, препарат күзде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Еуропалық Одақтың реттеушісінің мақұлдауын ала алады.