Медицина • 03 Тамыз, 2021

Алматыда дәрігерлерді оқытуға 120 грант бөлінетін болды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қала билігі жұқпалы аурулар жөніндегі мамандарды, анестезиологтар мен реаниматологтарды оқыту үшін 120 грант бөлетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда дәрігерлерді оқытуға 120 грант бөлінетін болды

«Пандемия басталған кезде жұқпалы аурулар бойынша мамандар мен реаниматологтардың жетіспеушілігі болды. Бұл жетіспеушілік әлі де бар. Кадр тапшылығын жою үшін үлкен жоба әзірленді. Биылғы жылы  жетіспейтін мамандарды даярлау үшін резидентураға 120 грант беріледі. Ақша жергілікті бюджеттен бөлінетін болады. Гранттың көп бөлігі «жұқпалы аурулар», «анестезиология» және «реанимация» мамандықтарына арналған», деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар ауруханасында 6315 медицина қызметкері жұмыс істейді. Сонымен қатар осындай мекемеде жұмыс істегісі келетіндердің резерві бар. Онда интернатура, резидентура, колледж түлектері мен қазіргі уақытта емханада жұмыс істейтін қызметкерлер бар. Жалпы саны 2000-нан астам қызметкер резервте.