15 Қаңтар, 2014

Бабенко – Азияның үш дүркін чемпионы

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасының лидері, конькиші Дмитрий Бабенко қазіргі күндері жапонның Томакомае қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында классикалық көпсайыстан құрлықтың үш дүркін чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасының лидері, конькиші Дмитрий Бабенко қазіргі күндері жапонның Томакомае қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында классикалық көпсайыстан құрлықтың үш дүркін чемпионы атанды.

Құраманың үздік стайері 1500, 5000 және 10000 метрлік қашық­тық­­тарға жүгіруде алдына жан салма­ды. Ол осылайша континенттің үш мәр­те чемпионы болумен бірге ал­да­ғы наурыз айында Голландияның Хе­рен­вен қаласында өтетін әлем­нің классикалық көпсайысы үшін жүргізілген аймақтық іріктеу жарысының да сынынан өтті.

Бұған қосатынымыз, Бабенко ақ­пан айында Сочиде өтетін XXІІ Қыс­қы Олимпиялық ойындарда жоға­ры­да көрсетілген үш қашықтық бой­ын­ша да жарыс жолына шығады. Бар­лы­ғы қазақстандық конькишілер қоржы­нында 12 лицензия бар.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

 

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23