Қыздар күресінен ел намысын қорғаған Эльмира Сыздықова бірінші айналымда қырғыз балуанына еш қарсылық көрсете алмады. Осылайша, Рио Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізген жерлесіміз Күншығыс елінен жүлдесіз қайтты. Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Нұр-Сұлтан мен Токио арасында тікелей бейнеконференция байланысы арқылы брифинг өтті. Оған Спорт және денешынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гүзель Манюрова қатысты.

– Эльмира қырғыз балуанымен бұған дейін жарыстарда кездесіп, таза жеңіп жүрген. Бірақ осы жолы көрші елдің спортшысы біздің қызға арнайы дайындалып келгендей. Эльмира оған қарсы ештеңе жасай алмады. Өкінішті-ақ, – деген Гүзель Манюрова Эльмираның жеңісіне жаңа салмаққа ауысқаны кедергі болуы мүмкін дегенді алға тартты. – Риода 68 кило салмақта белдескен Сыздықова Токиода 76 килода кілемге шықты. Жеңілістің бір себебі осы да болуы мүмкін. Өйткені кейде қарсыласыңа физикалық жағынан күшің жетпей жатады. Әйтпесе, пандемия кезінде қиындықтарға қарамастан спортшыларымызға барлық жағдайды жасауға тырыстық. Алдағы уақытта кем-кетіктерді саралап, соған жұмыс істейтін боламыз.
Өз кезегінде Гүзель Манюрова пандемия жағдайына байланысты бір жыл кейінге шегерілген Олимпиадада мықты деген спортшылардың не үшін жарысты ерте аяқтап жатқанын айтты.
– Үш Олимпиаданың жүлдегері ретінде мен спортшыларды жақсы түсінемін. Алдымен, Эльмираға рахмет айтқым келеді. Әлемде үздік 16 спортшының қатарына еніп, Олимпиадаға әдеттегідей төрт жыл емес, бес жыл дайындалу қиынның қиыны. Спорттық деңгейіңді тағы бір жыл ұстап тұрғанда, өзіңнен кейінгілер Олимп додасына тыңғылықты дайындалуға, өз деңгейіне жетуге мүмкіндік алып қояды. Ерлер болсын, қыздар болсын келген балуандар физикалық тұрғыда мықты екені байқалып тұр. Барлығы жеңіске жеткісі, барлығы да жақсы нәтиже көрсеткісі келеді. Сол себепті де бұл жарыста Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері сүрінді, – деді Г.Манюрова.
Келесі сөз Серік Сәпиевке берілді. Токиода спортшыларымыз ешқандай коронавируспен ауырмағанын, барлығының денсаулығы жақсы екенін айтқан комитет басшысы ширек финалда жеңіліс тапқан боксшы Әбілхан Аманқұл туралы да пікірін білдірді.
– Әбілханның қарсыласы осал емес еді. Бойшаң, ұрған соққылары дөп тиіп жатты. Кездесу алдында Әбілханның оң иығы шығып кеткенін білесіздер. Онымен қоса сол жұдырығы шытынап, көгеріп кеткен еді. Соған қарамастан боксшымыз тең дәрежеде жұдырықтасты. Негізі жеңуге болатын қарсылас еді, әттең ондай мүмкіндікті Әбілхан жіберіп алды, – деді С.Сәпиев.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар