
Біздің теннисші Зарина Диас Мельбурн қаласында өтіп жатқан Австралияның ашық чемпионатында қатарынан төртінші жеңісіне жетті. Бұл туралы egemen. kz тілшісі хабарлады.
Ол чехиялық Катержина Синяковадан екі сетте 6:2 және 6:4 есебімен басым түсті. Бұған дейін іріктеу кезеңінде 20 жасар қазақ қызы сербиялық Александра Крунич, румыниялық Кристина Андреа Миту мен канадалық Стефани Дюбуамен кездесіп, олардың бәрін де екі сетте жеңген болатын. Енді ол румыниялық Сорана Кирстя мен жаңазеландиялық Мариан Эраковичтің арасында өтетін матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Австралияның ашық чемпионаты – бұл «Үлкен дулыға» турнирінің бірі саналатын үлкен жарыс болып саналады. Осы турнирде Заринамен бірге біздің тағы бір теннисшіміз Галина Воскобоева екінші айналымға жолдама алды. Ол румын қызы Ирина Камелия Бегуді 7:5, 4:6 және 7:5 есебімен ұтып, келесі айналымға шықты. Енді ол испан теннисшісі Карлос Саурес Наварромен кездеседі.
Өкінішке орай, қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева поляк Агнешку Радваньскудан ұтылып, жарыстан шығып қалды.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Теннис федерациясы.