Әлем • 04 Тамыз, 2021

Кабул орталығында жарылыс болды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстан астанасы Кабул қаласында жойқын жарылыс болды. Төтенше оқиға үкімет пен елшіліктер ғимараттары орналасқан «жасыл аймаққа» кіретін ауданда орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Кабул орталығында жарылыс болды

Мина қойылған көлік Бисмилла Мохаммади резиденциясының жанында тұрған. Қазір шенеунік пен отбасының қауіпсіз жерде екені хабарланды.

Шабуылды бір де бір топ өз мойнына алған жоқ. Теракт талибтердің елдің оңтүстік және батыс провинцияларына шабуылын күшейткеннен кейін болған.

Содырлардың ел армиясымен текетіресі АҚШ әскерін Ауғанстан аумағынан шығара бастағаннан кейін күшейе түсті.

Жарылыс салдарынан кем дегенде он адам зардап шеккен.