TOKYO2020 • 04 Тамыз, 2021

Токио-2020: Наталья Сергеева байдаркада есуден ширек финалына шықты

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасында әйелдер арасында 500 м қашықтыққа байдаркада есуден жарыс өтті, деп жазады Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Токио-2020: Наталья Сергеева байдаркада есуден ширек финалына шықты

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Әйелдер арасында байдаркада есуден 500 м қашықтық бойынша Қазақстан сапынан Наталья Сергеева қатысты.

Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ол тиісті қашықтықты 2:01.374 уақытта бағындырып, жетінші орыннан көрінді. Мұндай көрсеткіш отандасымыздың ширек финалда сынға түсуіне мүмкіндік береді.