Қазақстан • 04 Тамыз, 2021

Қазан-Нұр-Сұлтан әуе рейсі ашылады

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейде Қазан қаласынан Қазақстан астанасына рейстерді іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Қазан-Нұр-Сұлтан әуе рейсі ашылады

Росавиация Қазан-Нұр-Сұлтан авиарейсін ұшыруға дайындалуда.

Өткен аптада Ресейдің Федералды әуе көлігі агенттігі «Алроса» және «ЮВТ Аэро» авиакомпанияларына Татарстаннан Қазақстанға дейінгі рейстерді жүзеге асыруға рұқсат беру туралы бағалау парағын жариялады. Авиакомпаниялар рейстердің тұрақтылығы мен халықаралық тасымалдау талаптарына сәйкестігін бағалады.

Бұл рейсті іске қосу туралы түпкілікті шешім әлі жоқ, бірақ соңғы бірнеше аптада Ресей екі елді байланыстыратын жаңа бағыттарды қарастыру бойынша жұмысты күшейтті.

Бұған дейін Росавиация «Северный ветер» және «Икар» авиакомпанияларына Қазақстан мен Ресейдің ірі қалалары арасындағы рейстерге рұқсат берген болатын.

Сонымен қатар, Омбы әуежайының кестесінде тамыз айының соңында іске қосылатын Омбы - Нұр-Сұлтан рейсі пайда болды деп хабарланды. Алайда, кейіннен кесте өзгеріп, бұл рейс тізімнен жоғалып кетті.