Білім • 04 Тамыз, 2021

БҒМ жаңа оқу жылының мерзімін бекітті

902 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 27 шілдедегі «Орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығы мен каникул кезеңдерін айқындау туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҒМ жаңа оқу жылының мерзімін бекітті

«Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021- 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын», деп жазылған құжатта. 

- 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек;

- оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Оқу жылы ішіндегі 1-11 (12)-сыныпқа арналған каникул кезеңдері:

  • күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан  аралығында),
  • қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында),
  • көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында);

1-сыныпта қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

Бұйрық 9 тамыздан бастап күшіне енеді.