Оқиға • 04 Тамыз, 2021

Қостанайда полиция бөлімшесінің бастығы қамауға алынды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда жүргізуші куәлігіне қолы жетпей жүргендерге көмектесіп, сол қызметі үшін қомақты мөлшерде пара алып келді деген күдікке іліккен облыстық полиция департаментінің бөлім бастығы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда полиция бөлімшесінің бастығы қамауға алынды

Күдікті қазір тергеу изоляторында қамауда отыр.

«Ол «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлерімен сыбайласып,  жол ережесі туралы емтиханды әлі тапсырмаған адамдарға, сондай-ақ  бұрын мас күйінде көлік жүргізіп құжатынан айырылған азаматтарға жүргізуші куәлігі мен оның телнұсқасын бергені үшін бірнеше рет қомақты мөлшерде ақша түрінде пара алып келген  деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы шешімді сот шығарады», деп мәлімдеді Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.