Ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бойынша Қазақстандағы болжам – «Тұрақты». Ол ең жоғары ықтималдық үлесімен 12-18 ай аралығында рейтингтің өзгермейтінін болжайды.
АКРА жаңартылған есебіне сәйкес, бағалау тұрақтылығының факторында ағымдағы жылда экономиканың өсу қарқыны, ұлттық экономикаға тікелей шетелдік инвестиция тарту, мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, елеулі ұлттық резервтермен нығайтылған орнықты сыртқы ұстаным ескерілді.
АКРА 2021 жылы экономикалық өсудің 3,9%-ға дейін қалпына келуін күтеді.
АКРА бағалауы бойынша, ел экономикасының өсу әлеуеті жоғары және жылына шамамен 4-4,5% құрайды.
Сонымен қатар, тұрақтылық факторы ретінде қоғамдық, мемлекеттік институттар сапасындағы оң динамика, адами капиталды тұрақты арттыру қаралады. Дүниежүзілік банк пен БҰҰ-ның соңғы бағалауына сәйкес, Қазақстанның адами капитал индексі Орталық Азия елдері бойынша орташа деңгейден асып түседі және санаты бойынша салыстырмалы елдер тобы рейтингінің шеңберінде неғұрлым жоғары тұр.
Айта кетейік, АКРА Мәскеуде 2015 жылдың 20 қарашасында Ресей Банкінің шешімімен құрылды. Құрамында «Райффайзенбанк», «Сбербанк», «Альфа-Банк», «Газпромбанк», «Московская Биржа ММВБ-РТС» сынды 27 ресейлік компания мен қаржы институттары бар.