Қоғам • 04 Тамыз, 2021

19 миллионыншы бала 20 маусымда дүниеге келген – Ұлттық статистика

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2021 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

19 миллионыншы бала 20 маусымда дүниеге келген – Ұлттық статистика

Жания Азаматқызы Алматы қаласында туған, отбасында 4-ші бала. Туу туралы актісіне сәйкес нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы - Назгүл Балтабайқызы Көбентаева, 1986 жылы туған, әкесі - Азамат Әбілғаппарұлы Нұрғалиев, 1982 жылы туған.

«19-шы миллион тұрғынды анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: табиғи қозғалыс өсімін (белгілі бір кезеңде тірі туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымын (еліміздің аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескеріп жүргізілді. Кандидатура жалпы республика бойынша тұратын жеріне тәуелсіз анықталды», делінген Ұлттық статистикасы бюросының хабарламасында.

Жалпы, тәуелсіздік жылдары ішінде халық саны 2 557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, ағымдағы жылғы 1 шілдеге 19 009,6 мың адамды құрады.

Еске салайық, Қазақстан халқының саны 19 миллион адамға жеткені туралы сүйінші хабарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеткізген еді.