Әлем • 04 Тамыз, 2021

Кабулда жойқын жарылыстан алты адам қаза болды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстан астанасы Кабулда жойқын жарылыс болып, соңы атысқа ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Кабулда жойқын жарылыстан алты адам қаза болды

Оқиға кезінде 6 адам қаза тауып, тағы бірнеше кісі жарақат алған.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, құрбан болғандардың 3-уі қылмыскер, қалғаны бейбіт тұрғындар. Үкімет ғимараты орналасқан ауданда мина орнатылған көлік жарылған. Содырлардың көздегені Ауғанстанның Қорғаныс министрінің үйі болған сияқты. Бұл уақытта шенеуніктің өзі шаңырағында болмаған, отбасы мүшелері мен сол маңда тұратын адамдар шұғыл қауіпсіз жаққа көшірілді. Қазір шабуыл жасалған аумақтағы барлық жолдар жабық. Жарылысты әзірге ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айдан бері «Талибан» қозғалысы елдің оңтүстік және батыс провинцияларына толассыз шабуыл жасап жатыр.