Коронавирус • 04 Тамыз, 2021

Токио Олимпиадасында 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токиодағы Олимпиадада тәуліктік жұқтыру рекорды тіркеліп, Жапония астанасында ТЖ режимі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Токио Олимпиадасында 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды

Токиодағы Олимпиадада тәуліктік SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру жағдайының максималды көрсеткіші тіркелді. 24 сағаттың ішінде жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге атсалысқан 29 адам вирус жұқтырды.

Бұл туралы «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің сайтында сәрсенбі, 4 тамыз күні жарияланған есепте мәлім етілді. Жұқтырғандардың арасында төрт спортшы бар. Жарысты өткізуге атсалысқан адамдардың ішінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 322-ге жетті.

Эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты Токиода төтенше жағдай режимі 31 тамызға дейін ұзартылды. Атап айтқанда, қоғамдық тамақтану орындарында алкоголь сатуға тыйым салуды және көрермендерді бұқаралық іс-шараларға жіберуді шектеуді көздейді.

Еске сала кетсек, Олимпиада Жапония астанасында көрермендерсіз өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше