Коронавирус • 04 Тамыз, 2021

Алматы әуежайында жалған ПТР-тест анықтамасын қолданғандар ұсталды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында коронавирусқа қарсы ПТР-тестінің жалған анықтамасын қолданған 8 тұрғын әшкере болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматы әуежайында жалған ПТР-тест анықтамасын қолданғандар ұсталды

«Азаматтар арасында жалған ПТР анықтамаларын қолдану тыйылмай тұр. Бұл жолы күдікке Алматы қаласының 8 тұрғыны ілігіп отыр. 30 шілдеде Алматы қаласының халықаралық әуежайында көлік полицейлері нысан қызметкерлерімен бірге коронавирус жұқтырмағаны туралы жалған ПТР анықтамасы бар адамдар тобын ұстады. Барлығы Алматы қаласындағы жеке фирмалардың бірінің қызметкері. Жұмыс орны оларға Дубай қаласына саяхат жолдамасын берген. Құқық бұзушылар ПТР анықтаманы интернет арқылы сатып алған. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Сарықұл Жоланов.

Жолановтың айтуынша, бұл Алматы қаласының әуежайында тіркелген 11-інші оқиға.