Испания Корольдігінің елшісі Давид Карриедомен кездесу барысында министр Мұхтар Тілеубердінің 5-6 шілдеде өткен Мадридке ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Тило Клинермен жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі нығайту және сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру жолдары талқыланды.
Кездесуде Израиль мемлекетінің елшісі Лиат Вексельман өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін көтерді.
Кездесу соңында министр белсенді қызметі үшін алғыс хаттар табыс етіп, шетелдік дипломаттарға алдағы жұмысына табыс тіледі.