Сайлау • 05 Тамыз, 2021

Ауыл әкімдерін сайлау – маңызды қадам

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Алматы облысының Қарасай ауданындағы Елтай ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімімен кездесті, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.

Ауыл әкімдерін сайлау – маңызды қадам

 Сенатор кездесу барысында Мемлекет бас­шысының негізгі саяси реформаларын жүзеге асыруда аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерін тікелей сайлау – маңызды қадам болғанын атап өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша Парламент заңнамаға тиісті өзгерістер енгізді. Сайлау жүйесін жетілдіру, жергілікті өзін өзі басқару жүйесін нығайту, өзінің конституциялық құқықтарын іске асыру кезінде халықтың белсенділігін арттыру, сондай-ақ саяси партиялардың рөлін арттыру – атқарылып жатқан жұмыстардағы басты мақсат.

«Президенттік саяси реформалар топтамасында ауыл әкімдерін тікелей сайлау – саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Қазақстан азаматтарына тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет әкімдерді тікелей сайлауға және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге белсенді қатысуға мүмкіндік берілді», деді Владимир Волков.

Сенатор сол күні Елтай ауылдық округінің тұрғындарымен де кездесті. Депутат учаскелік полиция пунктінің жабдықталуымен, сондай-ақ мектептердің алдағы оқу жылына дайындық барысымен танысты.

Владимир Волков оқу орындарының қауіпсіздік мәселелеріне: дабыл түймелерінің, турникеттердің, белгі беру құралдарының және т.б. болуы және үздіксіз жұмыс істеуіне ерекше назар аударды.