Әлем • 05 Тамыз, 2021

Тәжік-ауған шекарасын атты әскер күзетеді

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжік-ауған шекарасында бақылауды күшейту аясында тәжік шекарашыларына 18 жылқы тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Тәжік-ауған шекарасын атты әскер күзетеді

Көрнекі сурет: Pixabay.com

Атты әскер Шамсиддини Шохин аймағындағы шекараның жетуге қиын учаскелерін күзетеді.

Бұрын ауғандық есірткі саудагерлері мемлекеттік шекараның осы учаскесін жиі пайдаланған.

«Көлік жетуге қиын жерлерді күзету мүмкін емес. Біз осы уақытқа дейін таулы аймақтарды бақылау үшін 18 жылқы алдық. Бізге тағы бірнеше жылқы береміз деп уәде берді және атқа тапсырыс көбейеді», деді шекарашылардың бірі Озоди радиосына.

Кеңес дәуірінде Ауғанстанмен арадағы шекараны ат жасақтары күзетті.

Шамсиддин Шохин ауданының басшысы Зафар Гүлзоданың айтуынша, аудан аумағында жаңа шекара бекеті салынып жатыр. Жаңа застава қайда және қандай қаражатқа салынып жатқанын нақтылаған жоқ. Бекет Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты салынып жатыр. АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстан аумағынан әскерін шығарғаннан кейін, бірқатар елде террорист деп танылған талибтер ауқымды шабуылға шығып, елдің көп бөлігін және шекараны бақылауға алды.

Талибаннан қашқан ауған әскері шегініп, республика шекарасын кесіп өткен бірнеше жағдайдан кейін тәжік билігі шара қабылдай бастады. Нәтижесінде Душанбе Ұжымдық қауіпсіздік келісім туралы ұйымынан шекараны нығайтуға көмек сұрады. Ресми мәліметтер бойынша, тәліптер Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасының үштен екі бөлігін бақылайды.