Коронавирус • 05 Тамыз, 2021

Вакцина алғандардың иммундық реакциясы тексерілді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы егілгендердің иммундық реакциясы тексерілді, деп жазады Egemen.kz.

Вакцина алғандардың иммундық реакциясы тексерілді

Нұр-Сұлтандағы Olimp клиникалық диагностикалық зертханалар желісі 7 маусым - 4 тамыз аралығында 962 адамның вакцинациядан кейінгі антиденесін тексерген. Оның ішінде 866 адам - Sputnik V, 58 адам - Hayat-Vax, 14 адам - QazVac, 12 адам - CoronaVac, 9 адам - Pfizer, 3 адам AstraZeneca вакцинасын алған.

«Зерттеу нәтижелері бойынша Sputnik V вакцинасын алғандардың 97%-ында, Hayat-Vax алғандардың 90%-ында, QazVac 79%-ында, CoronaVac 92%-ында және Pfizer және AstraZeneca екпесін алғандардың бәрінде антидене табылды. Науқастардың саны артқан сайын көрсеткіш өзгеруі мүмкін», деді компанияның бас директоры Ерлан Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше