Қазақстан • 05 Тамыз, 2021

Медиа өлшеу жүйесін дамытуға арналған онлайн-конференция өтті

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаевтың төрағалығымен Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамыту мәселелеріне арналған онлайн-конференция өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медиа өлшеу жүйесін дамытуға арналған онлайн-конференция өтті

Іс-шараға қазақстандық телеарналардың, жарнама сатушылардың, салалық қауымдастықтардың, зерттеу компанияларының өкілдері, сондай-ақ медиа саласының сарапшылары қатысты.

Жыл сайын министрліктің қолдауымен өткізіліп келе жатқан медиа өлшеу жүйесін жетілдіру жұмыстарының аралық қорытындысы шығарылды.

Вице-министр өлшеу панельдерінің интеграциялануының арқасында 2021 жылғы мамырда Министрліктің сайтында онлайн-сервис іске қосылғанын атап өтті. Аталған сервисте кез келген адам нақты уақыт режимінде теле өлшемдердің жедел деректерімен таныса алады.

«Ауылдық елді мекендерді телеөлшеумен қамту мәселесі пысықталуда», деді Кемелбек Ойшыбаев.

Конференция барысында ҚР АҚДМ бірінші жартыжылдықта цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Цифрлық өмір салты – DigitEL» ұлттық жобасына «ауылдық елді мекендердің көрермендер аудиториясын медиа өлшемдер жүйесімен қамту үшін өлшеу панелінің болуы» көрсеткішін және оған сәйкес «ауылдық елді мекендердің көрермендер аудиториясын медиа өлшемдер жүйесімен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыру» іс-шарасын енгізу мәселесі пысықталғаны айтылды.

Онлайн-конференция талқылау форматында болып, қатысушылар арасында өзара кәсіби пікірталас өтті. Телеөлшемдердің құбылмалылығы мәселесі бойынша Екатерина Кочева (31 арна) сөз сөйлеп, Ләззат Сүйіндік («Хабар» АҚ) телеөлшеулер жүйесін жетілдірудің маңыздылығы туралы айтса, Дильмурад Рахимов (International Media Service) медиа-жарнама индустриясына қатысушылардың өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін қозғады. Ал Татьяна Старцевая (TNS Central Asia) телеөлшеулерді ұйымдастыру мен өткізудің ағымдағы тәсілдері туралы айтып, Андрей Бояринов (MediaHills) «Қазіргі таңдағы телеөлшеулерді ұйымдастыру және өткізу тәсілдеріне» тоқталды.

Іс-шараны қорытындылаған Кемелбек Ойшыбаев конференцияның барлық қатысушылары бір нәтижеге бағытталғанын және талқылау бойынша елімізде медиа өлшеу жүйесінің қалай дамитынына бей-жай қарамайтынын атап өтті.