ANTIKOR • 05 Тамыз, 2021

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

733 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пара алғаны үшін мониторингтік топ мүшелері ұсталғаннан кейін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу басқармасының өндірісінде Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысы мен осы бөлімнің бас маманы пара алу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 3-бөлігі, 2-1-тармақтары бойынша қылмыстық іс алынды.

Бөлім бастығы өзінің қарамағындағы бас маманмен келісе отырып, COVID-19 коронавирус инфекциясымен күресудің дағдарысқа қарсы шаралары кезінде, халық көп жиналатын шаралар ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жүйелі түрде пара алып, оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданбаған. Олар қала мейрамханаларынан және стихиялық сауда өкілдерінен 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алған.

Сондай-ақ мейрамхананың бес әкімшісі жоғарыда айтылған көлемде пара бергені және жаппай іс-шаралар өткізгені үшін жауапқа тартылады.

Қылмыстық іс аясында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Талдықорған әкімдігінде қала әкімінің қатысуымен кеңес өткізді, оның қорытындысы бойынша алдын алу шаралары мақсатында, сондай-ақ бұл бағытта тиісті бақылау жүргізілмегені үшін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары С.Арзанбекова қызметінен босатылды.