Экономика • 05 Тамыз, 2021

Доллар қайта қымбаттай бастады

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы 11.00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 424,94 теңгені (+0,91) құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар қайта қымбаттай бастады

Рубль бағамы да едәуір өсті.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 424,7-426,1 теңгеден, Еуро – 503,1-505,1 теңгеден сатып алып, сатады. Рубль болса 5,82-5,87 теңге.

Сонымен қатар,  5 тамызда мұнайдың әлемдік бағасы сауда-саттық барысында өсуде.

Қыркүйек айында WTI мұнай фьючерстері 0,37%-ға өсіп, барреліне 68,40 долларды құрады.

Қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,30%-ға - барреліне $70,59-ға дейін өсті.