Елорда • 05 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда жаңа жол белгілері пайда болды

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы Тұран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында сары түсті жол белгісі салынды. Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда жаңа жол белгілері пайда болды

Фото: қалалық полиция департаменті

Полиция департаменті бұл белгінің жол-көлік оқиғаларын азайту үшін салынғанын хабарлады.

«Тұран даңғылының бойымен Сығанақ даңғылынан астананың орталық бөлігіне дейінгі учаскеде көлік кептелісі бар. Осыған байланысты Жол қозғалысы ережелерін бұзу жиілеп кетті. Соны болдырмау және тәртіпті күшейту үшін бұл қиылыстарда диагональ түрінде сары жолды сызықтар салынды», деп хабарлайды Нұр-Сұлтан Полиция департаменті.

Белгі кептеліс кезінде бір-біріне сигнал беру арқылы қиылысқа рұқсатсыз кіруге мүмкіндік бермейді деп болжануда.

Сары жолақтар Достық, Қонаев және Сарайшық көшелеріндегі  үш қиылысқа салынады.