Аймақтар • 05 Тамыз, 2021

Алаяқтың арбауына сенген әйел 4 миллион теңгесінен қағылды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында үй сатып аламын деп алаяқтың құрбаны атанған әйел ірі көлемдегі ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтың арбауына сенген әйел 4 миллион теңгесінен қағылды

Үлбі полиция бөліміне 52 жастағы азаматша жүгінген. Өз сөзінде ол үй сататындығын айтқан алаяққа 4 289 000 теңге бергендігін жеткізді.

«Әйел пәтер сатылатындығы туралы жарнаманы көріп, сонда жазылған нөмірге қоңырау шалған. Үйді ұнатқан соң, ойына еш секем келмей алғашқы жарна ретінде аталған соманы бере салды. Ақшаны қолға түсірген алаяқ оған құжаттарды ресімдеу үшін бірнеше ай күте тұру керектігін айтқан», дейді басқарма бастығы Андрей Мула.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 31 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03