Қазақстан • 05 Тамыз, 2021

Елордада Талғат Бигелдиновті еске алу рәсімі өтті

460 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің туғанына 99 жыл толу құрметіне Нұр-Сұлтан қаласында даңқты ұшқыштың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада Талғат Бигелдиновті еске алу рәсімі өтті

Еске алу рәсіміне Халық Қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов, Қазақстан әскери-әуе күштерінің ардагерлері мен офицерлері қатысты.

«Бүгін біз Талғат Жақыпбекұлының ерлігіне тағзым етіп, құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. Лайықты ізбасарларды, тәуелсіз Қазақстанның әскери ұшқыштарын, Отан қорғаушыларын даярлайтын Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты батырдың есімін мақтанышпен алып жүр. Біздің жүрегімізде даңқты батыр туралы жарқын естеліктер мәңгі сақталады. Батырдың «Оқыңыз. Үйреніңіз. Жан-тәні сау мықты азамат болыңыз. Өзіңізді қиындыққа төзе білуге үйретіңіз. Кез келген жағдайда, кез келген қиындықта рухы мықты адам ғана жеңімпаз болады. Аға буынның жауынгерлік дәстүрлерін, еңбекқорлығын ұстанатын адал мұрагері болыңыз» деген өсиетін әрқашан ұстанамыз», деді авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.

Бигельдинов

Талғат Бигелдинов Балашовский авиациялық училищесінің курсантынан бастап бірінші Украина майданы құрамындағы 144-ші гвардиялық авиациялық полктің эскадрилья командиріне дейінгі еңбек жолынан жүріп өтті.

Соғыс кезінде ол Ил-2 шабуылдаушы ұшағында 305 рет ұшып, батырлық, ұшуда шеберлік танытып, ең жауапты тапсырмаларды сәтті орындады.

Талғат Бигелдинов ерлігі үшін Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз, III дәрежелі Даңқ, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен наградталды, екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Соғыстан кейінгі жылдары Талғат Бигелдинов әскери және азаматтық авиацияда қызмет етіп, қоғамдық жұмыспен айналысты.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов 2014 жылғы 10 қарашада қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше