Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның кезекті партиясын вакциналау бекеттеріне тасымалдау басталды.
«Өңірдегі фармацевтикалық қоймасына жеткізілген ресейлік вакцинаның 18 мың 600 дозасы І компонентке арналған. Ал, ІІ компонент үшін 10 мың доза бар», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.