Коронавирус • 05 Тамыз, 2021

Атырауда коронавирустан емделіп жатқандар саны 7 мыңға жуықтады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында қауіпті вирустан емделіп жатқан науқастар саны 6 992-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда коронавирустан емделіп жатқандар саны 7 мыңға жуықтады

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазір үй жағдайында 5 292 адам емделіп жатыр.

Өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 700 науқас оқшауланған. Оның ішінде Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда – 417, аудандардағы стационарларда – 409, модульдік ауруханада – 198, №2 облыстық ауруханада – 194, теміржол ауруханасында – 113, кардиологиялық орталықта – 109, облыстық ауруханада – 76, фтизиопульманология орталығында 75 науқас ем қабылдауда. Ал, инфекциялық стационарға лайықталған жатақханаларда 109 пациент емделу үшін жаьқызылған.

«Өткен тәулікте 397 адам коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталды. Атырау қаласында қауіпті вирус жұқтырудың 265 жағдайы расталды. Ал, Теңіз кенішінде 44 жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 34, Қызылқоғада – 11, Исатайда – 10, Құрманғазыда – 10, Индерде – 9, Мақатта – 7, Махамбет ауданында 7 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.