16 Қаңтар, 2014

Өткен жыл қорытындыланып, биылғы бағыт нақтыланды

450 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың басшылығымен Консультативті-кеңес органының (ККО) «Адами өлшем бойынша үнқатысу алаңы» пленарлық мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында қатысушылар 2013 жылғы жұмыстардың қорытындысын жан-жақты талқылап, 2014 жылы жасалатын жұмыстардың басты бағыттарын анықтады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың басшылығымен Консультативті-кеңес органының (ККО) «Адами өлшем бойынша үнқатысу алаңы» пленарлық мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында қатысушылар 2013 жылғы жұмыстардың қорытындысын жан-жақты талқылап, 2014 жылы жасалатын жұмыстардың басты бағыттарын анықтады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Былтыр ККО мүшелері алты тақырыптық кездесу өткізіп, нәтижесінде демократияны дамыту, құқықтың үстемдігі мен адамның жеке құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша 157 ұсыныс қабылданыпты. Ұсыныстар елдегі демократиялық жүйені одан әрі жетілдіру ісінде азаматтық сектор, Үкімет пен Парламент арасындағы өзара іс-әрекетті оңтайландыруға бағытталған. Барлық ұсыныстар Елбасының «2050» Стратегиясында белгіленген Қазақстанның саяси дамуының басымдықтарына, сондай-ақ, адам құқығы және демократия саласындағы халықаралық міндеттемелерге сәйкес қалыптастырылыпты. 157 ұсыныстың жартысынан көбі мақұлданып, атқарушы органдар мен Парламент жұмыстарында ескерілген. Қалған ұсыныстар бойынша осы басталған жылы жұмыс жасалатын болады.

Кездесуге қатысушылар Кон­суль­тативті-кеңес органының 2014 жылға арналған жоспарын мақұлдады. Жоспарға сәй­кес, үнқатысу алаңының тоқ­са­наралық кездесулерінде ма­құл­данған ұсыныстарды іске асы­ру механизмін іске қосу, Қа­зақ­стан­ның саяси дамуы жөнінде қосымша мәселелерді талқылау, 2013 жылғы ұсыныстардың ревизиясын өткізу, сонымен қоса, Парламент, министрліктермен және ведомстволармен Қазақстанның ұлттық заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша ынтымақтастықты нығайту көзделген.

Кездесу қорытындысы бойынша, Е.Ыдырысов үкіметтік органдардың, соттың, заңнамалық биліктің және азаматтық қоғамның бірлескен бір жылдық жұмысы өз жемісін бергенін атап өтті. Консультативті-кеңес органының қатысушылары арасында «тек қана тыңдау емес, сонымен қоса, естуге» негізделген өзара ынтымақтастықтың жаңа мәдениеті қалыптаса бастады. Дәл осындай көзқарас саяси үдерістің барлық қатысушыларына бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстанның тұрақты әрі серпінді дамуына, сонымен қатар, Консультативті-кеңес органының 2014 жылғы жұмысын тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар