Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Чех Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Бедржих Копецкимен кездесуі өтті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік хатшы ынтымақтастыққа және қазақ-чех қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Чехия елшісіне алғыс айтты.
М.Тәжин екі елдің өзекті халықаралық мәселелер жөнінде ұстанымдары ұқсастығын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық аясын кеңейту жөніндегі жаңа базалық келісімді әзірлеуге орай екіжақты байланыстарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға алғышарттардың бар екенін айтты.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың оң ахуалы мен перспективаларын қанағаттанарлықпен атап өтті.