30 Сәуір, 2010

ЖОЛДЫҢ ЖӨНДЕМ БОЛҒАНЫ ЖАҚСЫ

680 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Көлік және коммуникация ми­нистрлігі “ҚазГерСтрой” Қазақ­стан-Германия холдин­гінің база­сында “Жол жамыл­ғы­сын жасау мен күтіп ұс­таудағы заманауи тех­ноло­гиялар” тақырыбында кеңей­тілген ғылыми-техникалық семи­нар-кеңес өткізді. Семинар кеңес­тің жұмысына жол құ­рылысының барлық тарам­дарын қамтитын кө­лік ведом­ствосы мен ұйымдары­ның басшылары мен мамандары қатысты. Айталық, автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері, “Облжоллабо­ратория” ММ мен олардың өңірлік құрылымдары, “Астана, Алматы қаласы жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бас­қармасы” ММ, “Госэкспер­тиза” РМК, жобалық және мердігерлік ұйымдар, Қазақ­станның барлық өңірлерінен ғалымдар мен тәжірибелі мамандар қатысты. Кеңесті ашқан автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов кездесудің жол құрылысына жаңа иннова­ция­лық технологияларды ен­гізуге арналып отырғандығын атап өтті. Бұдан тыс, семинар сала­да­ғы көкейкесті мәселе­лерді талқылаудың, шетелдік әріп­тестердің тәжірибесін зерттеу­дің және мәселелерді шешудің ең тиімді жолдарын анықтау­дың жаңа бір мүмкін­дігін ашып отыр. Кейінгі жыл­дары автожол саласына айрық­ша көңіл бөліне бастағанын, қаржыландыру көлемі жыл сайын көбейіп келе жатқан­дығын атау ләзім. Ағым­дағы жылы жалпы қолданыс­тағы автожолдардың дамуына 240,3 млрд. теңге, соның ішінде “Жол картасы” бойынша 29,2 млрд. теңге қарастырылған. Жергілікті желіні қоса алғанда, жөндеу жұмыстарымен 5 мың шақырымнан астам автожол­дарды қамту жоспарланған. 2010 жылы жергілікті автожол желі­лерін дамытуға 37,3 млрд. теңге қарастырылып, соның аясында 1410 км. жолдарды жөн­деу жоспарланған. Соны­мен қатар, жол-құрылыс материал­дарын өндіруші сала­лар да қар­қынды дами баста­ған. Бүгінгі күнге жол құрылы­сында пайдал­а­натын материал­дардың 86 пайызы қазақстан­дық, оның ішінде қор­шаулар, жарық беру баған­дары, лак-бояу және геосин­тетикалық материалдар бар. Оң факторлармен қатар келең­сіз факторлар да жоқ емес. Олар жол жөндеу сапа­сының төмендігі, жобалау-сметалық құжат­тарды әзірлеу­дегі қателік­тер, жұмыс техно­логиясын бұзу, жол кәсіп­орын­дарының жарақ­тану деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр. Жобалық шешім­дерге иннова­циялық техноло­гия­ларды ен­гізу, жол жүру қозға­лысына қатысушылардың қауіпсіздігі деңгейін қамтама­сыз ету, ұзақ мерзімділік пен жол құры­­лы­мы­ның жөндеу жұмыс­тары­­ның аралық мерзі­мін ұзар­ту бойын­ша жұмыстар толық көлемде жүргізіліп отырған жоқ. Аталмыш семинар жоға­рыда айтқан мәселелерді жою­дың ең тиімді шешімдерін іздестіру алаңына айналды. Жиын соңында оған қатысу­шылар материалдардың сапа­сын бақылаудың ең жаңа құрылғыларымен танысып, жол саласын одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.