Қ.Е.Жаңбыршинді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы
Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 15 қаңтар. №730
Қозыкөрпеш Есімұлы ЖАҢБЫРШИН
1960 жылы туған, Мәскеу экономика-статистика институтын (МЭСИ) бітірген, мамандығы – экономист-математик. Экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар.
Қазақ КСР-ы Мемлекеттік жоспарлау комитетінің инженері, экономисі, аға экономисі болып жұмыс істеді. МЭСИ аспирантурасын бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас маманы, Президент жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің консультанты болып еңбек етті. Қазақстандағы Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы Үйлестіру бюросының ұлттық директоры, Президент жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесі басшысының орынбасары, «ТАСИС» бағдарламасының Қазақстандағы үйлестіру бюросының директоры, Алматы қаласының экономика жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Қорғаныс министрінің орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметтеріне тағайындалды.
2009 жылғы қыркүйектен – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі.