Олимпиадаға қатысқандар қуанта алмай ұнжырғамыз түсіп жүргенде солтүстікқазақстандық Асыл Ахметова деген қызымыз аттың үстінде түрегеп шауып, бір серпілтіп тастады. Оның Instagramдағы парақшасына бірнеше сағаттың ішінде ғана жазылушыларын 15 мыңға жеткізген.

Асыл Жамбыл ауданындағы Озерный ауылының тумасы. Кезінде Ербол Шәймерденов ағамыз осы түкпірдегі ауылдың мектебін күміс медальмен бітіріп, алыстағы Алматыны бағындырған еді. «Ат аунаған жерде түк қалады» дегендей қызымыздың қайсарлығы да елді елең еткізіп отыр.
Нұр-Сұлтан қаласында информатика бойынша жоғары білім алып келген Асыл ауылында мұғалім болып істейді. Әлеуметтік желіде ауылдағы өзінің өмірі туралы жазып, роликтер түсіріп, салып тұрады. Мектептегі жұмысынан шыққан соң ол әкесімен бірге жылқы бағысады. Ең бастысы аттың құлағында ойнайды. 24 жастағы бойжеткен цирк әртістерінен бірде кем емес, жортқан аттың үстінде тік түрегеп жүре береді. Сонымен бірге кең жазираны әсем күйге бөлеп, аттың үстінде тұрып, қазақтың халық әндерін сыңсыта айтып, еркін шырқағанда бүкіл дала ән салғандай әсер қалдырады. Астына мініп жүрген есті сәйгүлік қыздың барлық қылықтарына көнген, маңдайынан сипағанда, жалын тарағанда тыпыр етпей, оған сүйкеніп, еркелеп тұрады.
Қыздың жылқыға құмарлығы 5 жасынан басталыпты. Әкесімен бірге жылқы бағуға шығып ол күні бойы аттан түспейді екен. Қыздың шешесі оның құмарлығын ұнатпаса да қойдыра алмапты. «Мектептен келе сала тамақ та ішпей, атқа жүгіретін оны қалай қойдырайын. Ат қыз баланың қолы емес екенін талай рет айттым. Бірақ бәрібір әкесінің қасына жүгіріп, атқұмарлығын қоймады. Жүрегі қалап тұрған соң қолын қақпайын деп ойладым», дейді анасы Мәрзия.
Ал әкесі Есенғали қызының өзіне серік болып, жанында жүретініне, жылқыға деген айрықша құштарлығы бар екеніне керісінше сүйсініп қарайтын секілді. «Жасынан атқа құштар болды. Алдымен атқа мінгізші деп қыңқылдайтын. Ал ерге отыра алатын кезден бері аттан түскен жоқ. Бәлки менің атқұмарлығым оған жұққан шығар», деп жымияды ол. Ішінен масаттанып тұрғаны да көрініп тұр.
Қыздың өзі жылқыны жасынан жақсы көретіндігін айтады. «Аттың үстінде өзімнің өзгеріп, ерекше күш алып, құлшынып кететінімді сезінемін. Басыма да түрлі арман-қиялдар, нақты жоспарлар келіп, фантазиям шарықтап, идеялар қаптап береді. Бұл менің жылқыға деген махаббатымнан шығар. Қазір мініп, бәйгеге шауып жүрген екі жүйрік атым бар. Олар да мені жақсы көреді, күнде оқыранып қарсы алады», дейді қыз.
Әлеуметтік желілер арқылы танылған оны шетелдік БАҚ-тар да түсіріп жатыр. Жуырда «Азаттық» радиосының тілшісі де арнайы келіп, түсіріп кетіпті. Асыл өзінің танылуын туристік жобаны қолға алуға ұштастыратынын айтады. Арнайы турфирма ашып, шетелдіктерге кең даламыздың қасиетін көрсетіп, адамның ең алғаш рет жылқыны қолға үйреткен өлкесін таныстырғысы келетінін, киноға түсіп, кеңірек танымал болғысы келетінін айтты ол. Біз оның армандары орындалып, сәттілік серігі болғанын тілейміз.
Солтүстік Қазақстан облысы
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Өскеменде жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:15
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:52
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Өнер • Бүгін, 08:33
Таным • Бүгін, 08:30
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Медицина • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:25
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Саясат • Бүгін, 08:23
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
Қазақстан • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:20
Саясат • Бүгін, 08:18
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Ұқсас жаңалықтар