Медицина • 06 Тамыз, 2021

Зейнетақы қаражатын пайдалану тәртібі өзгереді

6038 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесіне өзгерістер енгізілетін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнетақы қаражатын пайдалану тәртібі өзгереді

Атап айтқанда, зейнетақы қаражатын ем шараларына пайдалану аясын кеңейту жоспарланып отыр.

Бұйрықтағы өзгерістер мен толықтырулар:

  • Ата-аналарының, жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің зейнетақы төлемдері есебінен балаларды емдеуге мүмкіндік беру;
  • Зейнетақы төлемдерін шетелде емделуге пайдалану мүмкіндігі қарастырылған;
  • Емдеу бойынша бұрын келтірілген шығындарды өтеуге пайдалану.

Сондай-ақ, зейнетақы төлемдерін жұмсауға болатын медициналық қызметтердің тізбесі кеңейтілуде:

  • Ортопедия (барлық түрлері), имплантация (барлық кезеңдері), ортодонтия (барлық түрлері, оның ішінде алынбайтын конструкциялар);
  • ҚР аумағында санаторлық-курорттық емдеу;
  • ТМККК шеңберінде немесе ММС жүйесінде оларды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда гендік-инженерлік биологиялық терапия; car-т-онкологиялық аурулар кезіндегі жасушалық терапия;
  • ММС көлемінен тыс экстракорпоралдық ұрықтандыру.

Алынған медициналық қызметтер мен сатып алынған дәрілік заттар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

Құжат әлі күшіне енген жоқ.