Қазақстан • 06 Тамыз, 2021

600 мың теңге пара алып, 17,6 миллион теңге айыппұл төледі

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Инфракос» басшысы Байқоңырдан қара металды шығарғаны үшін пара алды. Бұл жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

600 мың теңге пара алып, 17,6 миллион теңге айыппұл төледі

Тергеуші 2021 жылғы 29 шілдеде Қызылорда қалалық сотының №2 үкімімен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» ШЖҚ РМК бас директоры Ирюков Кенжебек Сисенұлына ҚК-нің 366-бабы (Пара алу) бойынша 17,6 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

«Ирюков Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» ғарыш айлағының алаңында орналасқан «Инфракос» ШЖҚ РМК аумағынан 200 тонна қара металды әкеткені үшін жеке компания өкілінен жалпы сомасы 600 мың теңге жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді», деді Данияр Бигайдаров.