Білім • 06 Тамыз, 2021

2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп пайдалануға беріледі – БҒМ

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысына қатысты, деп жазады Egemen.kz.

2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп пайдалануға беріледі – БҒМ

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында 2021-2025 жылдар аралығында елімізде 800 жаңа мектеп пайдалануға берілетінін айтты.

Білім және ғылым министрінің айтуынша, биыл 200 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде нысаналы құрылыс есебінен – 163 мектеп, МЖӘ тетігі есебінен – 6 мектеп, жекеменшік мектептер желісін дамыту есебінен 31 мектеп пайдалануға беріледі.

Бұл апатты мектептердің, үш ауысымды мектептердің проблемасын басым тәртіппен шешуге және оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді.