Оқиға • 07 Тамыз, 2021

Павлодар облысында жедел-жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Дәрігер қайтыс болды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызметтік көлікпен Ақсу қаласына науқасты жеткізіп салып, қайтар жолында жол апатына түскен дәрігер көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында жедел-жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Дәрігер қайтыс болды

Облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде жол апатынан екі адам көз жұмған.

«3 тамыз күні сағат 23:45-те «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 380-ші шақырымында, Черноярка ауылының маңында 32 жастағы Nissan Patrol-дың жүргізушісі «УАЗбен» соқтығысқан.

25 жастағы «УАЗдың» жүргізушісі ауыр жарақаттан сол жерде көз жұмды», деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірніші орынбасары Жасқайрат Қайыров. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қайтыс болған ер адамның Чернорецк дәрігерлік амбулаториясының дәрігері екенін растады. Ол Ақсу қаласында науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін қайтып келе жатқан. Полиция екінші қайғылы оқиға жайлы да мәлімдеді.

6 тамыз күні сағат 23:15-те сол жолдың 561-ші шақырымында, Шарбақты ауылының маңында Nissan X-Trail-дің 68 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 31 жастағы әйел такси тоқтату үшін жолдың көлік жүретін бөлігіне жүгіріп шыққан. Ол да оқиға орнында көз жұмды. Екі жағдайда да сот-медициналық сараптама тағайындалды, көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Полицейлердің айтуынша, осы жылдың басынан бері Павлодар облысында 278 жол-көлік оқиғасы болған, салдарынан 20 адам қайтыс болып, тағы 410 адам түрлі жарақат алған.