Аймақтар • 07 Тамыз, 2021

Атырауда Жайыққа бекіре шабақтары жіберілді

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда бекіре тұқымдас балықтар шабағын өсіретін екі зауыт бар.  Екі күнде су айдынына жіберілген бағалы бекіре тұқымдас балықтар шабағының саны 7 миллионға шабақ жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Жайыққа бекіре шабақтары жіберілді

«Жайық-Атырау» зауытындағы 16 тоғанда бекіре тұқымдас балықтардың 3,5 млн шабағы мемлекеттік тапсырысқа сәйкес өсірілген. Бұған қоса жергілікті табиғат пайдаланушылар Каспий теңізінің биресурсын сақтауға қосқан үлесі ретінде 279 мың шабақ өсіруге тапсырыс берген.

«Биылғы көктемде ауланған бекіре тұқымдас балықтардан жасанды жолмен қара уылдырық алынды. Кейін сол уылдырықтан шабақтар өсірілді. Бекіре тұқымдас балықтар бір-біріне ұқсамайды. Шабақтар да солай, өлшемдері әртүрлі болады. Орташа есеппен шабақтардың салмағы 7-47 грамды құрайды» дейді «Жайық-Атырау» бекіре өсіру зауытының директоры Ғильман Сәрсемалиев.